Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

2 502

Қазақстанның екінші, әлемнің 195-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шампейн (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы матчын дүниежүзілік рейтингте 303-орында тұрған италиялық Энрико Далла Валлемен өткізді.


Б.Жұқаев италиялық спортшыны 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.


Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін рейтингте 298-сатыдағы хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады. Қазақстандық теннисші бұдан бұрын өзі чемпион атанған Шарлотсвилл (АҚШ) додасында осы теннисшіні ұтқан болатын


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.