Қазақстан Үстел теннисінен әлем чемпионатында жеңіске жетті

444

Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстанға тұңғыш рет жүлде бұйырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қарағандылық А.Құрманғалиев (бапкері Эльмира Алиева) мысырлық Хана Годамен бірге аралас жұпта жартылай финалға шықты.

Осылайша, қазақстандық-мысырлық жұп кемінде қола жүлдеге ие болады. Олар 1/8 финалда пуэрторикалық Энрике Риос – бразилиялық Сенага Ширайды тізе бүктірді. Ал ширек финалда франциялықтар Натан Лам – Гаэтана Блэдадан айласын асырды.

Сөйтіп, А.Құрманғалиев Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері қатарынан табылып отыр.

Жартылай финалдық бәсеке желтоқсанның 8-інен 9-ына қараған түні өтеді. Сонымен қатар А.Құрманғалиев жекелей сында да бақ сынайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.