Қазақстандық ауыратлет допинг дауынан кейін жүлде сыйақысын талап етті

374
Қазақстандық ауыратлет Денис Ұланов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола медаль алғаны үшін әлі күнге дейін сыйақы алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денис Ұланов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші болған. Спортшы жұлқи көтеруде 175 келіні, серпе көтеруде 215 келіні (барлығы 390 келі) бағындырып, Габриэл Сынкрэянмен тең түскен. Алайда оның қарсыласы жеңілірек болғандықтан Олимпиаданың қола жүлдегері атанған, ал Ұланов 4 орынды иеленді.

Алайда, кейін Габриэл Сынкрэян допинг қолданғаны үшін дисквалификацияланды және қола медаль Ұлановқа ресми түрде берілген. 2018 жылдың қарашасында Ашхабадта өткен әлем чемпионатында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының IWF президенті Тамаш Аян көптен күткен жүлдені Ұлановқа тапсырған.
"Олимпиададан кейін, шамамен бір апта өткен соң қарсыласым ұсталғанын білдім (допингпен. - ескерту). Олар маған жүлдені қайда алғым келетінін сұрап, Ашхабадтағы әлем чемпионатын ұсынды. Бірақ ол 2018 жылы болатын. Содан бері жалғасып келеді. Мен қалған соманы төлеу үшін 2017 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне жүгіндім. Бірақ маған ондай заң жоқ деді, мен алдымен төртінші болдым, кейін үшінші", - дейді Денис Ұланов. 

Спортшының адвокаты Данияр Киманов жүлде қорын қайта қарауға болады деп есептейді.

"Төртінші орын үшін, заң бойынша оған 30 мың доллар төленді, ал үшінші орынға 75 мың доллар төленуі керек. Теңгеге шаққанда. Ведомство үкіметтің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1345 қаулысына сілтеме жасап отыр. Ол 2020 жылдың наурызында жарамсыз болды. Ол жоғары спорттық нәтиже кезінде ақшалай ынталандыру төлемінің мөлшерін қайта қарау мүмкіндігін қарастырмайды. Алайда үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 қаулысында Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның (...) шешімі негізінде жоғары спорттық нәтиже берілсе, чемпиондарға ақшалай ынталандыру төлемінің мөлшері қарастырылған және халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері қайта қаралады", - деп түсіндірді Қиманов.

Оның айтуынша, мемлекет Денис Ұлановқа тағы 45 мың доллар қарыз.

Мәдениет және спорт министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің сұрауы бойынша департамент Денис Ұлановтың өтінішін қарады деп жауап берді.

"Мемлекеттік қолдау мақсатында 2019 жылдың желтоқсанында дене шынықтыру және спорт туралы заң қабылданды, онда халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері және олардың бапкеріне ақшалай ынталандыру төлемінің мөлшерін қайта қарау көзделеді. Денис Ұланов назардан тыс қалмады, себебі Дениске бұл атақ 2018 жылы берілді, ал біз бұл заңды 2019 жылы қабылдадық. Көбінесе нормативтік құқықтық актілер күшіне енгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды. Бірақ, бұл мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Денис Ұлановтың өкілінің өтініші толығырақ қарастырылады және министрлік ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс шығарады.Біз шешім нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз", - деп сендірді Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Серік Сәпиев.