Қазақстандық таеквондошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

493

Фото: Prosports.kz.Қазақстандық таэквондошы Жансел Дениз Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.


Ол 73 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші болды.

Бірінші орын Суде Узунчавдарға (Түркия) бұйырды. Екінші орынды ливандық Селман Уорд алды. Үшінші орынға Денизбен бірге иорданиялық Рама Або-Алруб ие болды.

Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Жасурбек Клычов та қола жүлдеге ие болған еді.

Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Ислам ынтымақтастығының V ойындарында медаль алса, қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин ойындардың алтын медаліне ие болды. Сондай-ақ, қола жүлдегер атанған еркін балуандар марапатталды. Қазақстандық гимнасттар бірден төрт медаль жеңіп алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.