"Намаз оқысаң спорттан шық деді"

320

Спортшылардың дінге бет бұруы қандай келеңсіздіктерге әкеліп соғуда. Байдарка және каноэде есуден 3 жыл бұрын олимпидада алтын медаль алған қызылордалық Диас Бахраддин қазір қолдаусыз қалдым дейді - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Менің тренерлерім сол намазыма қарсы болды. Намаз оқысаң спорттан шық. Болмаса үйіңде оқы деген сондай қысымдар болды. Мен жаттығуға барғанда қайығымды алып қойған кездер болды. Тіпті сборға апармаған кездер болды. Қысым қатты болды”, – дейді Буэнос-Айрес-2018 чемпионы Диас Бахраддин.


Диастың айтуынша, олимпидадан кейін сәждеге бас қойған оның карьерасында қиындықтар басталған. Тіпті осы кезде де өз қалтамнан ақша шығарып жаттығуымды жалғастыра бердім дейді.

Жалантөс Бахадүр атындағы мамандандырылған колледж директорының орынбасары Бауыржан Есмағанбетов Диастың арнайы заң аясында оқудан шығарылғанын айтты.
“Егер спортшы өзінің жаттығуын тоқтатса немесе академиялық үлгермесе, жаттығуды жіберіп алса, оқушылар қатарынан шығарылсын деген заң бар. Сол заңмен оқушылар қатарынан шығарылды”, – дейді ол.
Ал жаттықтырушылар спортшының намазына қатысты қысым болмады және жаттығуына да барлық жағдай жасадық, дейді.
Бірақ қазір Түркістанда жаттығып жатқан Диас Бахраддин мұнда да жағдайдың мәз емес екенін айтады. Арманы асқақ жас спортшы егер Қазақстаннан қолдау болмаса, спорттық мансабымды Түркияда жалғастырамын деп шешіпті.