Спортшылар конкурдан халықаралық жарыста 33 медаль жеңіп алды

2 521

Фото: Астана әкімдігіЕлордалық спортшылар Ресейдегі конкур жарысынан 33 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Челябинск қаласында «Рифей» олимпиадалық резервінің спорт мектебінің базасында беделді ат жарысы өтті. Онда елордалық спортшылар дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті.  Бұл спорттық бәсекеге Астананың атынан «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 12 алтын, 10 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды.

«Балалар» номинациясы бойынша астаналық жас қатысушылар үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болды. Олар Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.