Григорий Ломакин Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 жарысының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші тайбэйлік Рэй Хомен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді.
Г.Ломакин мен Р.Хо корт иелері Чайарин – Нойкорды 6:1, 7:6 (9:7) есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-тайбэйлік жұп жартылай финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Юнсунг Чун – жаңазеландиялық Ажэт Рэймен таласады. Олар жапониялықтар Синдзи Хазава – Юсукэ Ватанукиді ұтты – 6:1, 6:3.
Тағы бір қазақстандық, рейтингте 355-орындағы Бейбіт Жукаев жекелей сында екінші айналымда әлемнің 242-інші, осы доданың 1-ракеткасы Ю.Ватанукиге есе жіберді – 3:6, 3:6.