Момынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады

257

Фото: Prosports.kz.Қазақстан уақытымен 23 сәуір таңертең қазақстандық Бобиржан Момынов Вест Пойнтта (Нью-Йорк, АҚШ) кәсіпқой рингтегі 13-жекпе-жегін өткізді.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз 23 жастағы мексикалық Анхель Руиспен жұдырықтасты. 
Алғашқы төрт раундта қазақстандық боксшы басымырақ көрінген. Бірақ Момынов бірінші және бесінші раундта қарсыласын белден төмен ұрып, бір ұпай жоғалтты.

Сонымен қатар, Қазақстандық боксшы бесінші және жетінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Ал өзі қарсыласын құлататындай жойқын соққы жасай алмады. 

Сегіз раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан мексикалық боксшыға берді. Үш төреші де минималды басымдылықпен Анхель Руис жеңді деп есептеді - 75:74, 76:73, 76:73. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.