Елімізде алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

606
Қазақстанда  алғаш рет 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында  «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің бүкіл аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жоба жетекшісі - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойыша бірнеше дүркін рекорд иесі, Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі Айтым Жақыпов.
Street Workout - көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығу жасайтын көше гимнастикасы. Қатысушы көбірек тартылған сайын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі арта түседі. Жарысқа қатысушылар салмағы мен жас ерекшелігіне қарай 9 категорияда бақ сынайды.


Сонымен қатар, жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтеді. Әр қаладағы 9 категория бойынша жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.