Финалда талып қалған ирандық есін жинағанда Олимпиада чемпионы атанғанын білді

309
Ирандық каратэші Саджад Ганджзаде Олимпиаданың финалында нокаунт алып, есін жинағанда чемпион атанғанын білді.

75 келіге дейінгі салмақта сынған түскен спортшының финалдағы қарсыласы Сауд Арабиясының өкілі Тарек Хамеди болды.


Жекпе-жек 4-1 есебімен аяқталды.
 
Cонымен қатар, Хамедидің ирандықты нокаутқа түсіргені белгілі.

 Талып қалған Саджад Ганджзадені қызметкерлер оттегі маскасын кигізіп, зембілмен татамиден алып кеткен.

 Алайда, жеңіс соңында Сауд Арабиясының спортшысына емес ирандық каратэшіге берілген.
 
Себебі, төрешілердің пікірінше, Хамеди қарсыласына тыйым салынған соққы дарытқан. Осылайша, есінен танып, зембілде жатқан Саджад Ганджзаде Токио Олимпидасының чемпионы атанды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.