Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға кірді

2 521

Фото: ҚТФӘйелдер  теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Уимблдон турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалды.


Е.Рыбакина әлеуметтік желідегі жазбасында Уимблдонның өз жүрегінде ерекше орын алатынын, келесі жылды асыға күтетінін жазып, барша жанкүйеріне қолдауы үшін алғысын білдірді.


Осы жарыста әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті жеңіп, алғаш рет төртінші айналымға шыққан Юлия Путинцева 35-тен 29-ға көтерілді. Ю.Путинцева өзінің үздік көрсеткішіне (27) жақындап келеді. Уимблдонда іріктеу сайыстарында өнер көрсеткен Зарина Дияс 966-дан бірден 702-сатыға өтті.


Үздік үштікте И.Швентек, америкалық Кори Гауфф және белоруссиялық Арина Соболенко тұрса, Уимблдон жеңімпазы, чехиялық Барбора Крейчикова 32-ден үздік ондыққа енді. Финалист, италиялық Ясмине Паолини 7-ден 5-ке жоғарылады. Жұптық сында Анна Данилина 52-ден 50-ге шықса, Жібек Құламбаева 135-тен 140-қа, Ю.Путинцева 299-дан 300-ге ығысты.


Мұнда жаңазеландиялық Эрин Рутлифф көш бастаса, чехиялық Катерина Синякова екінші, канадалық Габриэла Дабровски үшінші сатыға жайғасты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.