Өз мансабын тоқтатқан спортшы кім?

315
«Төрт құрлық чемпионатында»  мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде иегері Элизабет Тұрсынбаева үлкен спорттан кететіні жайлы  мәлімдеді - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 Элизабет Тұрсынбаева бұл шешімге оңай келмегенін  және де денсаулығының аса мәз болып жүрмегенін айта кетті.
 
«Құрметті жанкүйерлерім, мен кәсіби спортшы ретіндегі мәнсабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Сіздермен бұл жаңалықты бөлісу оңайға соғып отырған жоқ... Көпшілігіңіз менің арқам ұзақ уақыттан бері мазалап жүргенін білесіздер. Өкінішке қарай, бұл жарақатымды соңына дейін жеңе алмадым, соған байланысты толыққанды жаттығу жұмыстарына кірісу мүмкін болмай отыр», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасына.

Қабылдаған шешімі  алдағы уақыттарда үлкен болашаққа бастайтын мүмкіндік деп түсінетін көрінеді.

Мен үшін өмірімдегі бұл тараудың аяқталуы жаңасының басталуын білдіреді. Қазіргі сәтте мен Қазақстандамын және оқу жылының соңына дейін осы жерде жұмыс істеймін, балаларға көмектесіп, оларды шабыттандырып, тәжірибеммен бөлісемін. Мен еліміздегі мәнерлеп сырғанауды дамытқым келетін, сол мүмкіндік қазір келген сыңайлы. Мен үшін қолдарынан келгенін жасаған және жасап келе жатқан ата-анама алғысым шексіз, - деп ағынан жарылды Тұрсынбаева.