Универсиадада Қазақстан спортшылары тағы үш жүлде еншіледі

2 341

Фото: ҰОКХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік додада дзюдодан қола үшін белдесуде Аман Бақытжан (60 келі) сынға түсіп, грузиялық балуан Лука Модебадзені жеңді.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев (66 келі) украиналық Микита Холобородконы қапы қалдырып, үздік үштіктен көрінді. 

Ал еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.