"Үш мың доллар береміз деді"

367
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта белдесіп, Қырғызстан командасына күміс медаль сыйлаған Ақжол Махмудовтың әкесі Мұхамед Sputnik Қырғызстан сайтына сұхбат берді. Ол ұлына үлкен ақша ұсынып, Қазақстанның атынан сынға түсуге шақырғанын айтты. 

Журналистің: "Танымал балуан, Азия біріккен күрес әлемінің басшысы Дәулет Тұрлыханов Ақжолды Қазақстанға алып кетіп, оған жақсы стипендия мен пәтер, сізге жақсы жұмыс береміз деп уәде еткені туралы ақпар шықты. Бұл рас па?", - деген сұрағына Мұхамед Махмудов төмендегідей жауап берген.

«Дәулет Тұрлыханов жеке өзіммен сөйлескен жоқ. Бірақ Алматы және Шымкент федерацияларынан Ақжолға ұсыныс түсті. Алматылықтар үш бөлмелі пәтер, 3 мың доллар стипендия беретінін айтты. Маған жақсы жалақысы бар жұмыс, қалған екі ұлыма дайындалатын жақсы мүмкіндік ұсынды.

Түркиядан да ұсыныстар болды. Менің жеке өзіме айтқан жоқ, ортадағы адамдарды жіберді. 2017 жылы 200 мың доллар төлейміз дегендер де болды. Бірақ Ақжолдың отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі жоғары. Ол ақша үшін ешбір елдің намысын қорғамайтынын айтып, өз елінде қалды», - дейді балуанның әкесі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.