Отандық теннисшілер әлемдік рейтингіде бір саты жоғарлады

1 296

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Александр Бублик әлемдік рейтингіде 49-дан 48-орынға көтерілді.


Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов 145-тен 147-ге сырғыды. Т.Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстарында бақ сынайды.


Михаил Кукушкин – 291, Денис Евсеев – 305, Бейбіт Жұқаев – 326, Дмитрий Попко 413-орында тұр.


Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастаса, Рим мастерс турнирінің жеңімпазы атанған ресейлік Даниил Медведев сербиялық Новак Джоковичті ығыстырып, 2-сатыға шықты.


Жұптық сында қазақстандықтардан Александр Недовесов – 67, Андрей Голубев – 81, Григорий Ломакин 247-сатыда келеді.


Әлемде нидерландылық Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бірінші орынды бөліссе, америкалық Раджив Рам үздік үштікті түйіндеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.