Хоккейден әйелдер құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды

2 581

Фото: olympic.kzҚазақстанның әйелдер хоккей командасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Соңғы ойында біздің хоккейшілер Оңтүстік Кореяға қарсы ойнады. Бұл кездесуге дейін екі құрама да Қытай мен Жапонияға есе жіберген еді.

Негізгі уақыт 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Нәтижесінде Қазақстан командасы буллиттер сериясында жеңіске жетіп, чемпионатты үшінші орынмен аяқтады, – делінген ақпаратта.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.