Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатынан 8 медаль еншіледі

2 529

Фото: Olympic.kzЕркін күрестен Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатын 8 жүлдемен аяқтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жастар арасындағы Азия біріншілігінде Мерей Базарбаев (61келі) пен Шамсат Тайыр (86 келі) жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Сұлтан Құрманәлиеы, Рүстем Мырзағалиев пен Әкежан Айтбеков күміс жүлдеге қол жеткізді. 


Құрлықтық доданың қола жүлдесі Олжас Олжақанов (70 келі), Нұрдәулет Бекенов (92 келі) және Бекзат Үркімбайға (125 келі) бұйырды.  


Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталғанын жазған едік.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.