Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та кубалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

2 568

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanulyОрта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні кубалық Эрисланди Ларамен рингке шығады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Top Rank компаниясы ресми түрде орта салмақтағы қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы хабарлады.

Тартысты айқас АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында, Frost Bank Center аренасында өтеді. Бұл айқас WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін маңызды жекпе-жек болмақ.

Жәнібек үшін бұл айқас PPV жүйесіндегі алғашқы дебюті болады. Егер ол жеңіске жетсе, үш чемпиондық атақты біріктірген тұңғыш қазақстандық боксшы атанады.

42 жастағы кубалық Эрисланди Лара кәсіби мансабында 37 жекпе-жек өткізіп, оның 31-де жеңіске жеткен, 3 рет жеңіліп және 3 мәрте тең түскен. Ал қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.