«Футбол патшасы» дүниеден өтті

664
«Футбол патшасы» Пеле өмірден озды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, 26 желтоқсанда Пеле отбасымен қоштаса бастағаны туралы ақпарат тараған еді. Чемпионның жағдайы күн өткен сайын нашарлай түскен.

Бұған дейін Пелеге жалпы денесі ісінген деген диагноз қойылды. Жүрегі де қалыпты жұмыс істемеген. Соңғы айларда қабылдаған химиотерапиялардан да оң нәтиже болмаған. 2021 жылдың қыркүйегінде Пелеге тоқ ішек ісігі диагнозы қойылды. Тоқ ішегіндегі ісікті алып тастау үшін ота жасалып, ол бір айға жуық ауруханаға таңылды.

Пеле - әлемдік футбол тарихында үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы (1958, 1962, 1970). Ол 92 матчта 77 гол соқты. Кәсіби мансабында Пеле 1 281 гол соққан, сонысымен де ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.