Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын нокаутқа жіберді
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы мен олардың қарсыластары қалай ойын көрсеткені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
4 мамырда Қазақстан құрамасынан екі боксшы сынға түсті. Алдымен Санатали Төлтаев (63,5 келі) Маврикийден келген Колину Ришарноға есе жіберді.
Одан кейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) реесйлік Алексей Дроновтан басым түсті.
Ал Өзбекстан құрамасынан шаршы алаңға төрт боксшы шықты.
Этникалық қазақ Руслан Абдуллаев (63,5 келі) бірінші раундта испаниялық Конде Ойера Ибарречені нокаутқа жіберсе, Шодиержон Меликузиев (48 келі) непалдық Рабина Тхапуды сүріндірді.
Ал Хасанбой Дусматов (51 келі) мексикалық Оскар Хименесті жеңсе, Баходир Джалолов (92 келі) бахрейндік Данис Латыповты тізе бүктірді.
Сондай-ақ, Куба құрамасынан Фернандо Арсола (92 келіден жоғары) италиялық Диего Ленцинің осал тұсын тапты.
Алехандро Кларо (48 келі) армениялық Барегам Арутюнянды тізе бүктірді.
Аталған құрамадан Ласаро Альварес (63,5 келі) эфиопиялық Месфин Кералдан басым түсті.