Трансгендер спортшылар 2026 жылдан бастап әйелдер жарыстарына қатыса алмауы мүмкін

2 575

Фото: fishki.netХалықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) жынысын ауыстырған спортшылардың әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дейін заңды түрде бекітілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ХОК өкілдері ауқымды ғылыми зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін өткен аптада жариялаған.

Зерттеу қорытындысында ер адам болып туған спортшылар, тіпті тестостерон деңгейін медициналық жолмен төмендеткен жағдайда да, физиологиялық тұрғыдан әйелдерге қарағанда айқын артықшылыққа ие екені анықталған.

Осыған байланысты ұйым әділ бәсекелестікті сақтау мақсатында жаңа ережелер әзірлеуге кіріскен. Егер құжат қабылданса, трансгендер әйелдер әйелдер санатындағы Олимпиада жарыстарына қатыса алмайды.

Айта кетейік, соңғы жылдары жынысын ауыстырған спортшылардың халықаралық спорттық додаларға қатысуы әлемдік спорт қауымдастығы мен қоғам арасында үлкен пікірталас тудырып келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.