«Ertis» футбол клубына жаңа автобус тарту етілді

2 710

Фото: Валерий БугаевЖаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ertis» футбол клубына жайлы автобус сыйға тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оған «№ 1 автобус паркі» ЖШС демеушілік көрсеткен.

43 жолаушыға арналған Yutong маркалы автобустың шалқаймалы орындықтары және аяққа арналған жастықтары бар. 

«Келер жылы «Ertis» футбол клубына 60 жыл толады. Аты аңызға айналған команданың мерейтойы қарсаңында бұл лайықты сыйлық болды. Біздің даңқты клубты жандандыруға көмектескен және сүйікті командамызға әлі де қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымды айтамын», - деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов. 

Былтыр біздің ойыншылар екінші лиганың чемпиондары атанып, маусымды бірінші лигаға шығумен аяқтағаны мақтануға тұрарлық. Ендігі міндет - Премьер-лигаға оралу.






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.