Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

260
Токиодағы Олимпиада ойындарында брасс әдісімен 200 метр қашықтықта жүзуден жартылай финал өтті. Бұл жарыста дәл осы қашықтықта бұрын Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық Дмитрий Баландин де бағын сынады. Алайда спортшы финалға шыға алмады.

Баландин аталған қашықтықта өзінің үздік екенін дәлелдей алмады. Жартылай финалда қазақстандық спортшы 2:09.22 нәтиже көрсетіп, он бірінші орынға тұрақтады. 


Ал финалға жақсы нәтижеге қол жеткізген сегіз спортшы өтті.