“Қайрат” өз алаңында Испания чемпиондарына есе жіберді

2 511

Фото:”Қайрат” футзалАлматылық "Қайрат" футзал клубы өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалындағы алғашқы матчта Испания чемпионы "Картахенаға" қарсы ойын өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тартысқа толы матчтың 20-минутында қақпашы Вандерсон гол соғып, есеп ашқан.
 Араға небәрі он секунд салып, қарсылас команда екі бірдей голмен жауап қайтарған. "Картахена" сапынан алдымен Дарио Хиль таразы басын теңестірсе, артынша Жуниньо командасын алға шығарған. Нәтижесінде шешуші екі гол матч тағдырын айқындаған.

Естеріңізде болса, өткен маусымда "Қайрат" дәл осы "Картахенаны" жартылай финалда 3:2 есебімен жеңген еді.

Чемпиондар лигасының ширек финал жұптары:

    •    "Қайрат" – "Картахена"

    •    "Семей" – "Этуаль"

    •    "Пальма" (Испания) – "Рига" (Латвия)

    •    "Бенфика" (Португалия) – "Спортинг" (Португалия)

Ширек финал жеңімпаздары 8-10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтетін Төрттік финалда бақ сынайды. 

Енді “Қайрат” пен “Картахена” арасындағы қарымта матч 7 наурыз күні Испанияда өткізіледі. Ойын Астана уақытымен 00:30-да басталады.

Айта кетейік, өткен маусымда "Қайрат" шешуші кезеңге дейін жеткенімен, финалда испаниялық "Пальмаға" жол берген еді.