Australian Open-2024: Бейбіт Жұқаев халықаралық турнирді жеңіспен бастады

2 509

Фото: dixinews.kzҚазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен ойнады. Алғашқы партияда қазақстандық теннисші 6:1 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 2:2 болған кезде, брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Матч соңында қарсыласқа дес бермей, жеңіске жетті (6:4). Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды. Бейбіт ойын барысында 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Енді қазақстандық теннисші іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.