Қазақстанның төрт боксшысы әлемдік рейтингте көш бастады
World Boxing ұйымы қараша айындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының төрт өкілі өз салмақ дәрежелерінде көш бастап тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (50 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) рейтингтің бірінші сатысына жайғасты.
Тағы төрт қазақстандық боксшы өз салмақ дәрежелерінде екінші орынға ие болды. Олардың қатарында Махмұд Сабырхан (55 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Алуа Балқыбекова (51 келі) бар. Айта кетейік, соңғысы рейтингте бір саты жоғарылап, үздік үштікке енді.
Ал Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен Нұрбек Оралбай (85 келі) өз салмақ дәрежелерінде үшінші орынға тұрақтады.
Осылайша, қараша айындағы World Boxing рейтингінде Қазақстанның он боксшысы үздік үштікке енді. Оның төртеуі әлемдік рейтингте көш бастап тұр.
Қаз
Рус






