«Барыс» командасы бүгін «Салават Юлаев» командасымен кездеседі

2 525

Фото: ашық дерек көзіҚазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу бүгін, 16 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 51 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында Ресейлік команда жеңіске жетті.


Турнир кестесінде «Барыс» 50 ойыннан кейін 40 ұпаймен 20-орында тұр. Ал, «Салават Юлаев» 50 ойыннан кейін 65 ұпаймен 11-орында келеді.


Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді. Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіліп қалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.