«Ertis» футбол клубына жаңа автобус тарту етілді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Ertis» футбол клубына жайлы автобус сыйға тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оған «№ 1 автобус паркі» ЖШС демеушілік көрсеткен.
43 жолаушыға арналған Yutong маркалы автобустың шалқаймалы орындықтары және аяққа арналған жастықтары бар.
Былтыр біздің ойыншылар екінші лиганың чемпиондары атанып, маусымды бірінші лигаға шығумен аяқтағаны мақтануға тұрарлық. Ендігі міндет - Премьер-лигаға оралу.
Қаз
Рус






