19 жастағы боксшы әлем чемионатынан кейін қайтыс болды
19 жастағы иорданиялық боксшы Рашид Аль-Свайсат жастар арасында өткен әлем чемпионатындағы жекпе-жектен 10 күн өткен соң қайтыс болды.
16 сәуірде Аль-Свайсат 81 келіге дейінгі салмақта Эстония ұлттық құрамасының өкілі Антон Виноградовпен жұдырықтасып, үшінші раундта нокаутқа түскен еді.
Ауыр нокауттан кейін дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін ауруханаға алып кетті. Ауруханада Аль-Святатқа миына ота жасалды, бірақ бір жарым аптадан кейін қайтыс болды.
«Әлем чемпионатынан кейін 16 сәуірде ауруханаға түскен иорданиялық Рашад Аль-Суасаттың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Біздің ойымыз оның жанұясымен, достарымен және командаластарымен, біз оларға шын жүректен көңіл айтамыз», - делінген AIBA хабарламасында.