Илья Ильиннің жеке бапкері жаттықтырған өзбек спортшысы Токиода алтын медаль алды

290
Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өзбекстандық Акбар Джураев ауыр атлетикадан алтын медаль жеңіп алды. Ол ауыр атлет Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы болған Ержас Болтаевтың шәкірті .

Джураев финалда жұлқа көтеруде 193 келіні, серпе көтеруде 237 келіні бағындырған. Жалпы 430 келі бағындырған ол Олимпиадада жаңа рекордын орнатып, "алтын" алды. Өзбекстандық зілтеміршіні алғашқылардың бірі болып Илья Ильин Instagram парақшасында құттықтады. "Акбар, жарайсың! Финалда 100 пайыз барын салды. Өзбекстан құрамасын кезекті жеңісімен құттықтаймын! Өзімнің бапкерім Ержас Болтаев үшін қуаныштымын, құрметтеймін!", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, 2021 жылдың басында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері әрі Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Болтаевтың өзбекстандық спортшыларды жаттықтыратыны белгілі болған еді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.