Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды

2 762

Фото: Қазақстан бокс федерациясыЖерлесіміз Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды, - деп хабалайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абылайхан Жүсіпов пен Асадхужа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Көптен күткен 70 келідегі Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен Өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жек күтпеген жағдайда аяқталды. Жекпе-жек барысында Муйдинхужаевтың қабағы жарылып, дәрігерлердің шешімімен ол кездесуді жалғастыра алмады.

Оған дейінгі ұпай санымен Жүсіпов басым болғандықтан, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді. Муйдинхужаев – Париж Олимпиадасының жеңімпазы және әлем чемпионы атағының иегері, ал Жүсіпов те тәжірибелі спортшы ретінде танымал.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.