Қырғыз файтері Еркебұланмен реванш үшін 100 мың доллар сұрады

2 500

Фото: sn.kzҚырғызстандық ММА файтері Марсель Нұрланбек қазақстандық Еркебұлан Тоқтармен реванш өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол октагонға шығу үшін алатын гонорарының мөлшерін атады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы жекпе-жек үшін шамамен 100 мың доллар гонорар күтетінін айтты. Оған келесі қарсыласы кім болғанын қалайтыны туралы сұрақ қойылғанда, Еркебұлан Тоқтармен немесе Ануарбек «Мотиватормен» реванш өткізуге дайын екенін жеткізді.

Марсельдің айтуынша, Еркебұланмен ММА ережесі бойынша жұдырықтасу қызықсыз болмақ. Сондықтан ол қазақстандық файтермен жалаң жұдырықпен айқасуды жөн көреді.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек арасындағы алғашқы жекпе-жек 28 наурызда Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінің басты оқиғасы болған. Жеңіл салмақтағы кездесу ММА қолғаптарымен бокстасу ережесі бойынша өтіп, үш раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Марсельге бұйырды. Осылайша, ол қазақстандық спортшының жеңісті сериясын үзді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.