Қазақстандық екі боксшы допинг дауына ілікті

1 381

Боксшылар Абзал Серік пен Саматәлі Төлтаевтың қан құрамынан допинг табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Допингке қарсы ұлттық орталық мәліметінше, осы жылдың 8 наурызында боксшы Абзал Серіктен жарыстан тыс талдама алынған. Тексеру барысында боксшы қанынан метастерон анықталды. Сондықтан ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстардан шеттетіледі. Тағы бір боксшымыз Саматәлі Төлтаевтың қан құрамынан оралтуринабол табылды. Бұл спортшымыз да 2026 жылдың 31 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.


Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың қаңтарында 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Бангкокте өткен Азия чемпионатында Абзал Серік күміс жүлдегер атанған болатын. Ал Саматәлі Төлтаев бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде жеңіс тұғырына көтерілген еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.