Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстандық шахматшылар үздік үштікке кірді

498

Үндістанда өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олпимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Prosports.kz.Қазақстан намысын қорғап жатқан шахматшы қыздарымыз 9-турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін 3-орынға көтерілді. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы турнир кестесінде алтыншы орында болатын.


Тоғызыншы турдан кейін әйелдер құрамасы арасында турнирлік кестеде бірінші орында –  Польша, ал Үндістан – екінші орында. Ерлер құрамасы арасында біріншілік Өзбекстанға тиесілі болса, Үндістан – екінші, Армения – үшінші орында.


8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада қожайындары – Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орындағы Хорватиямен ойнайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.