Бибісара Асаубаева Астанада өткен Гран-приде ең танымал шахматшыны жеңді

457

Фото: Women Grand Prix 2022Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women Grand Prix 2022-нің екінші айналымында әйелдер арасындағы 12 мәрте әлем чемпионы, атақты Александра Костенюкті жеңді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Әйгілі шахматшыдан басым түсуі Бибісара Асаубаеваға турнир кестесінде көшбасшылар қатарына кіруге мүмкіндік берді. Қазірше оның қоржынында 1,5 ұпай бар. Басқа үш қатысушының да ұпай саны осы шамалас.
Бибісара үшінші орында. Ол тек рейтингтік коэффициенттер бойынша Александра Горячкина (Ресей) мен Алина Кашлинскаядан (Польша) кейін тұр.


Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік екінші айналымда Қытайдың құрметті шахматшысы, әйелдер арасындағы 16 мәрте әлем чемпионы Тань Чжунъимен тең ойнады. Бір ұпай жинаған Жансая бесіншіден тоғызыншы орындарға жайғасқан турнир қатысушыларының тізіміне енді.