Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

2 518

Фото:© БейнежазбаданАлматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешт қаласында Чемпиондар лигасының финалы қарсаңында ұйымдастырылған арнайы көрмеге қойылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Атақты футболшылардың жейделері ұсынылған инсталляция Венгрия астанасының орталығындағы әйгілі Батырлар алаңында орналасқан.  Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Әлімжан Асқар әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, көрмеде Давид Луис, Иван Перишич, Кевин де Брюйне секілді танымал футболшылардың жейделерімен қатар Дастан Сатпаевтың да қолтаңбасы қойылған жейдесі қойылған.
17 жастағы ұлттық құрама шабуылшысы 2025-2026 жылғы еурокубок маусымында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол 2025 жылдың қарашасында даниялық «Копенгаген» қақпасына гол соғып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде топ жарған алғашқы қазақ футболшысы атанды. Сонымен қатар Сатпаев турнир тарихындағы ең жас гол авторларының қатарына енді. Жас көрсеткіші бойынша ол тек «Барселона» ойыншылары Ансу Фати мен Ламин Ямальға жол береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.