Италиядағы лицензиялық турнирге баратын қазақ боксшылары белгілі болды

2 639

Фото: olympic.kzБокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы басшысы Шахмұрат Мүтәліптің құрама командамен кездесуі барысында белгілі болды. 

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан 

63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 келі: Асланбек Шымбергенов

80 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Айбек Оралбай

Бокстан Қазақстан командасы қазіргі таңда іріктеу турнирі қарсаңындағы жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.