Қызылорда облысының спортшылары Азия чемпионы атанды

442
 Жуырда Бахрейн мемлекетінің астанасы – Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Осы чемпионатта аралдық Алпамыс Болатұлы мен Әмірмұхаммед Кабулов  грек-рим күресінен  Азия чемпионы атанды.

№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің  спортшылары байрақты бәсекеде ел мерейін тасытты. Жастайынан спортпен айналысқан өрендер құрлықтық додадан осылайша құр қайтқан жоқ. Қос балуанның жеңіс тұғырынан көрінуіне Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев, Ардақ Таңатаров сынды бапкерлер үлес қосты. Сондай-ақ, ел құрамасының  аға жаттықтырушысы Алмат Кебісбаевтың да еңбегі зор.


Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов «Жас өрендерімізді жастайынан спортқа баулып, ауданымыздың спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спорт жаттықтырушылары Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр, Таңатаров Ардақ және Қазақстан Республикасының құрама командасының аға жаттықтырушысы Алмат Кебісбаевқа шынайы алғысымды білдіремін», – деп ризашылығын жеткізді өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Атап өтейік, Азия чемпионы атанған жас балуандарды аудан әкімі ресми түрде қабылдайтын болады. 









Айта кетейік, Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында еркін күрестен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылының тумасы жас спортшы Нұржан Ашимжановта еліміздің қоржынына күміс медаль әкелді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.