Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының екі жолдамасын жеңіп алды

444
Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен әлем чемпионатының екі жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл қос жолдамаға қазақстандықтар Катарда Азияның іріктеу турнирінде ие болды.

Қазақстандық үстел теннисі шеберлері Қытай, Жапония, Корея, Иран, Үндістан және Сингапур елдерінің спорт жұлдыздарымен бақ сынасты. Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысында Кирилл Герасименко – Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұлов – Зәуреш Ақашева жұптары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Шешуші кездесуде Герасименко мен Құрманғалиев ирандықтар Нима мен Ношад Аламиянды (4:0), Кенжеғұлов пен Ақашева үндістандықтар Шарат Ачанта – Среах Акуланы (4:3) тізе бүктірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.