Футболшы әкесін жерлеу рәсімін суретке түсіріп, таратқандарды сотқа бермек

2 518

Фото: ©Reuters2026 жылы 9-шы тамызда Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әкесі Хорхемен қоштасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қоштасу рәсімі футболшының туған жері Росарио қаласында жабық форматта өткен. Яғни оған туыстары мен жақын достары ғана қатысқан.
Хорхе Месси ұзақ уақытқа созылған аурудан 7 тамызда 69 жасқа қараған шағында қайтыс болған. Жерлеу кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, аумақта көптеген күзет қызметкері болған. 

Аргентиналық БАҚ-тар қоштасу рәсімін жасырын фотоларға түсіріп, таратқан. Бұл Мессидің ашуына тиген. Сhampionat жазуынша, аңыз футболшы отбасының жеке өміріне қол сұқты деп есептеп, БАҚ өкілдерін сотқа бермек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.