Г.Головкиннің тағы бір жекпе-жегі кейінге қалды

468
Әлемдік бокс аренасында  ел намысын қорғап жүрген Генади Головкин  Риота Муратамен  өткізілетін келесі  жекпе-жегі 9 сәуірге қалдырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу 9 сәуірде. Бұл туралы қазақстандық боксшы журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында айтты.


"Дайындық созылып кетті, ұзақ уақытқа. Желтоқсанда бабыма келдім. Одан кейін ақпанға ауыстырды, оған дайындалдым. Енді бәрі сәуірге шегерілді. Көңілге бір демеу болары, екеуміз де осындай жағдайда екеніміз және бұл біздің кінәмізден еместігі. Алайда екінші жағынан желтоқсанда бабыма келіп, осы уақытқа дейін екі-үш жекпе-жек өткізіп тастауға болар еді. Міне бұл өкінішті", - деді боксшы.  
                                 

Сондай-ақ, Геннадий Головкин карьерасын аяқтайтын ойы жоқ екенін айтқан. Дегенмен ол қазіргі және нарықтағы өзгерістерді есепке алсақ, кез келген шешімі оң болатынын айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.