Азия чемпионы атанған қазақстандық боксшыларға 5 млн теңге мен iPhone берілді
486
Алматыда бокстан Азия чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан барлық жүлдегерге қаржылай сыйақының сертификаты мен iPhone PRO телефонын табыстады.
Сондай-ақ ортақ нәтижеге зор үлес қосқан команданың өзге 50 мүшесі – бапкерлер қосыны, жеке бапкерлер мен ғылыми кешеннің қызметкерлері де назардан тыс қалмады.
Сары құрлық бəсекесінің жеңімпаздары ҚБФ президентінен 5 миллион теңгеден алды: Алуа Балқыбекова (48 кг), Жәйна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Санжар Ташкенбай (48 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (92 кг).
Күміс жүлдегерлерге 2 миллион теңгеден берілді: Гүлсая Ержан (81 кг), Сəкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг).
Ал қола медаль иегерлеріне 1 миллион теңгеден табысталды: Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршаева (66 кг), Дариға Шəкімова (70 кг), Лəззат Күнгейбаева (+81кг), Саматəлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг).
Сондай-ақ, Қайрат Сəтжанов пен Шəміл Сафиуллин бастаған бапкерлер қосыны 1,5 миллион теңгеден алса, боксшылардың жеке бапкерлері мен өзге қызметкерлерге 1 миллион теңгеден берілді.
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) 2023 жылғы Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаздар 200 мың АҚШ долларын алатынын хабарлап үлгерді. Марапаттау рəсімі кезінде Кеңес Рақышев IBA сыйақысынан бөлек, топ жарған Ұлттық құрама боксшыларына өз есебінен 100 мың АҚШ долларынан беретінін мəлімдеді.
Айта кетейік, енді боксшыларды Павлодар қаласында өтетін ерлер арасындағы ел чемпионаты күтіп тұр. Аммандағы құрлық бəсекесі кеш ұйымдастырылғандықтан, Қазақстан біріншілігіне Азия чемпионатының жүлдегерлері қатыспайды. Павлодарда тек негізгі құрам сапындағы Санатəлі Төлтаев олимпиада бағдарламасына кіретін 63,5 келіде жұдырықтасады.

Бүгін біз дәстүрге айналған марапаттау рəсімін тағы қайталамауға тырыстық. Мен Аммандағы финалдарды аренадан көрдім. Жекпе-жектерді тамашалап отырып "шешуші сəтте біздің боксшыларға не жетпей жатады?" деп ойландым. Шыны керек, алтын медаль үшін таласта жерлестеріміздің сүрініп жататыны жасырын емес. Боксшылардың психологиясын шыңдап, өзіне деген сенімін арттыру мақсатында Мəскеуден арнайы танымал коуч, мотиватор Радислав Гандапасты шақырдым. Біз спортшылармен бірлесіп жұмыс істей береміз. Келер жылы бізді Өзбекстандағы әлем чемпионаты мен Қытай қабылдайтын Азия ойындары күтіп тұр, – деді Кеңес Хамитұлы.