Анна Данилина ширек финалға өтті
2 497
Теннисші Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі.







