Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

2 534

Фото:WKFХалықаралық каратэ федерациясы (WKF) әр салмақта рейтингтің жаңартылған тізімін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталмыш рейтингте -50 келі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай үздіктер көшін бастауда.

Ал -61 келіде Әсел Қанай екнші орынға жайғасқан. Ол осы жылы Каирде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл оның әлем чемпонатындағы алғашқы жүлдесі.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта рейтингтің екінші орнынына тұрақтады. Ол осы жылы әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі. 

Ерлерден Нұрқанат Әжіқанов -75 келіде үздік үштікті түйіндеп тұр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.