Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

2 653

Фото: ҰОКҚазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 7:5 есебімен Жібек Құламбаева жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.