Сабина Алтынбекова әлемдегі ең сұлу тұлға атағына таласпақ

386
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова "The 100 Most Beautiful Faces of 2021" тізіміне енуге үміткер атанды.

"Сабина Алтынбекова "2021 жылдың ең әдемі 100 адамы" атағына ұсынылды.


 Құттықтаймыз!", - делінген Instagram әлеуметтік желісіндегі TC Candler парақшасында. 

Үміткерлер тізіміне Сабина Алтынбековадан бөлек әлем жұлдыздары Дуэйн Джонсон, Дэвид Бекхэм, Селена Гомес, Галь Гадот, Зендея, Лили Коллинз, Джеми Дорнан, Тейлор Свифт, Киану Ривз, Том Круз, Эмма Уотсон, Зейн Малик, Марго Робби, Криштиану Роналду, Скарлетт Йоханссон, Дэниэл Рэдклифф және тағы басқалары енген.


 Сонымен қатар, "әлемнің ең көрікті 100 адамы номинациясына" Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын мен ресейлік әнші Алексей Воробьевта енген.


Еске сала кетейік, өткен жылы үміткерлер қатарында әнші Димаш Құдайберген, MadMen Q-Pop тобынан шыққан Рахат Масақбай, Ninety Onе тобының әншісі Азамат Ашмақын мен әнші Ziruzа болған еді. 


TC Candler - ойын-сауық порталы. Ол жыл сайын (1990 жылдан бастап) өткен жылды қорытындылап, "ең әдемі 100 адам" рейтингін жасайды.