Боксшы Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатында Өзбекстанның олимпиада чемпионын жеңді

270
Белградтағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасанбой Досматовты тізе бүктіріп, сенсация жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы қазақстандық боксшы мен 28 жастағы өзбекстандықтың жекпе-жегі 26 қазан күні өтті. Олар 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Жерлесіміз кездесуді ұпай бойынша жеңіп шықты.

Бибосынов келесі қезеңде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен басым түскен Үндістан боксшысы Дипакпен ұшырасады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.