Павлодар қаласында бәйгеден ел чемпионаты өтеді

1 362

Павлодарда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Фото: Prosports.kz.

«Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүйріктер қатысады. Жүлделі болған тұлпарлардың бапкерлеріне ақшалай сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ көрермендер арасында тегін ұтыс ойыны ойнатылады. Онда теледидар, телефондар, шаңсорғыш, смарт-сағат, мультиварка, планшет, велосипед және өзге де тұрмыстық техникалар ойнатылады», - делінген Павлодар қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің хабарламасында.


Турнир үш қашықтық бойынша өтеді: 24 шақырымға аламан бәйге, 11 шақырымға құнан бәйге және 17 шақырымға топ бәйге.
Басталуы – 3 қыркүйек, сағат 12.00-де «Құлагер» ипподромында.
Көрермендер үшін кіру тегін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.