Еуропа лигасы жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

1 725

Футболдан UEFA Еуропа лигасы жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Жартылай финалға жолдама алған командалар анықталды. Олардың қататында «Севилья» (Испания), «Ювентус» (Италия), «Рома» (Италия) және «Байер» (Германия) командалары бар.


Жарыстың аталған сатысындағы негізгі ойынның бірі «Севилья» мен Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары арасында өтті. Алғашқы ойын 2:2 есебімен тең аяқталған еді.


Бұл жолы испаниялық клуб қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.


Сондай-ақ, елорда уақытымен «Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Ювентус» (Италия) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді. Алғашқы ойында италиялық клуб 1:0 еесбімен жеңіске жеткен еді.


Оған қоса жарыстың аталған сатысында Бельгияның «Юнион Сен-Жилуаз» клубы Германияның «Байеріне» 1:4 (бірінші ойын 1:1) есебімен жеңілсе, италиялық «Рома» Нидерландтың «Фейеноордынан» 4:1 (бірінші ойын 0:1) есебімен басым түсті.


Айта кетсек, Конференция лигасында жартылай финалға «АЗ Алкмаар» (Нидерланд), «Фиорентина» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) және «Базель» (Швейцария) командалары шықты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.