Болгарияның София қаласындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатын Қазақстан 6-орында аяқтады

404

Болгарияның София қаласында грек-рим күресінен U20 әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының активінде үш медаль бар, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Prosports.kz.ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, ең үздік нәтижені Юсуф Мациев көрсетті. Ол 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болды.

Дінмұхамед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) әлем біріншілігін үшінші орында аяқтады.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы 6-орынға тұрақтады. Командалық кестені Иран бастап тұр. Екінші орында – Әзербайжан, үшінші орында – Украина.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.